Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бурабай ұлттық паркі аумағында заңсыз балық аулау фактісі анықталды

Бурабай ұлттық паркі аумағында заңсыз балық аулау фактісі анықталды
Фото: Polisia.kz

Бурабай ұлттық паркі аумағында заңсыз балық аулау фактісі анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақмола облысының полицейлері Бурабай ұлттық табиғи паркінің аумағында балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісінің жолын кесіп, браконьерлерді ұстады. Тәртіп сақшылары 178 килограмм тұқыны тәркіледі. 7 маусым күні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Біржан-Сал аудандық полиция бөлімі мен "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерімен бірлесіп түнгі рейд жүргізді. Жүкей көлі маңында "ГАЗель" және "Ауди 80" көліктері тоқтатылып, жүк көлігінен резеңке қайықтар мен торлар тәркіленді. Көліктерде болған азаматтар Қарағанды, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан келгені анықталды. Заңсыз ауланған 178 келі тұқы сол жерде анықталып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер заңсыз әрекеттердің толық мән-жайын анықтауда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді