"Бурабай" ұлттық табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары Біржан сал ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, 43 келіге жуық заңсыз балық аулау ісін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бурабай" МҰТП инспекторлары 15 мамырда қоршаған ортаны қорғау шаралары барысында Жөкей көлінен заңсыз балық аулау фактісін анықтаған.
"Полицейлермен бірлесіп, Темнобор орман шаруашылығының аумағында "Ауди" маркалы автокөлік тоқтатылды. Көліктің багажын тексеру барысында тиісті құжаты жоқ 42 келіден астам балық пен синтетикалық талшықтан жасалған ау табылды"."Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі
Балық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін Жөкей көлінен ауланған. Сонымен қатар "Бурабай" МҰТП-ның жануарлар дүниесіне келтірілген шығын көлемі 570 906 теңге болғаны айтылады.
"Облыстың төрт тұрғыны ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы "Балық ресурсын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - деп қорытындылады баспасөз қызметі.
7 сәуірде Іледе браконьерлер мемлекеттік инспектор мен аңшыны суға батырып жібермек болғаны хабарланған еді.