Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық киім күні: Астанада музыкалық флешмоб ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні: Астанада музыкалық флешмоб ұйымдастырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қазақстанда Наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурызда Ұлттық киім күні тойланады. Осы мерекеге орай Е.Рахмадиев атындағы елордалық мемлекеттік академиялық филармониясының фойесінде флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Флешмоб ата-бабаларымыз киген ұлттық киімдерді кеңінен насихаттау, қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Флешмобқа филармонияның әртістері мен қызметкерлерінен құралған 200 адам қатысты. Флешмоб аясында «Шалқыма» және «Әлем» би ансамбльдері қазақтың ұлттық билерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, «Шалқыма» халықтық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдірасыл Есекеев қатысушыларға ұлттық би қимылдарын үйретіп, би өнерінің ерекшеліктерімен таныстырды.

«Бүгін халқымыздың мәдени мұрасына арналған ерекше күн. Ұлттық киім – қазақтың болмысын, ұрпақтар арасындағы байланыс пен келешекке жолдауымызды көрсететін баға жетпес байлық. Әрбір ою-өрнекте терең мағына бар, әрбір деталь ұрпаққа қалған мұра. Ғасырлар бойы ұлттық киім қазақтың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарының символы болып келеді. Осындай мереке күні баршаңызға береке-бірлік, халқымыздың ұлы мұрасын сақтау мен насихаттауда табыс, шығармашылық шабыт тілейміз! Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, ата-бабамыздың асыл мұрасы әрқашан мақтаныш пен құрмет болып қала берсін», - деді Е.Рахмадиев атындағы филармонияның бас директоры Ерлан Дәкенов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты