Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалады: оған кімдер ілігуі мүмкін?

Қазақстанда сотталғандарға рақымшылық жасалады: оған кімдер ілігуі мүмкін?
Фото: pixabay.com

Мәжіліс рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарайды. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бұл амнистияға кімдер ілігуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әзір айтуға ерте, бірақ бұл (заңның қабылдануы – еск.) депутаттар бастамасымен көтерілді. Атап айтқанда, қаңтарда Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Үкіметке депутаттық сауал жолдады, Үкімет оны қолдады. Осыдан кейін заң жобасын әзірлеп, Үкіметтің қорытындысына жолдадық. Бүгін қабылдануы тиіс", – деді депутат Құспан.

Мәжілісменнің айтуынша, алдын ала болжам бойынша амнистия ең алдымен сотталған азаматтардың осал санаттарын қамтиды.

"Бірінші кезекте бұл – зейнеткерлер, кәмелетке толмағандар, балалары бар аналар, қылмыс жасаған сәтте балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған әкелер және тағы басқалар. Негізінен, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға амнистия жасау – классикалық нұсқа", – деді депутат Абзал Құспан.

Экономикалық қылмыстар бойынша сотталғандар амнистияға ілігуі мүмкін бе деген сұраққа депутат:

"Егер ұрлық пен алаяқтық бойынша келтірілген залал өтелсе – олар амнистияға ілігеді", – деп жауап берді.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы" заң жобасы бойынша қорытынды қаралады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады