Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде кассациялық соттар құрылады

Елімізде кассациялық соттар құрылады
Фото: pixabay.com

Қазақстанда кассациялық соттар құрылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді. 

«Заң жобасы бірінші оқылымнан шықты, екінші оқылымға дейін толықтырулар мен өзгертулер болуы мүмкін. Ең басты жаңалық – кассациялық соттардың құрылуы. Бұл мәселені заңгерлер қауымы бұрыннан көтеріп келеді. Осы кезге дейінгі тәртіп қалай еді? Жоғарғы сот бір судья құрамымен мәселені кассациялық алқаға бере ме, бермей ме, өзі шешетін. Соны жойдық. Президент те бұл жайында айтқан болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кассациялық соттар өз алдына бөлек құрылып жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар мәжілісмен депутаттардың қазіргі жағдайына тоқталды.

«Жалпы, судьялардың жағдайы сіз бен біз ойлағандай мәз емес. Олардың жалақысы бір кездері жақсы көтеріліп еді. Кейін инфляция салдарынан азайды. Сонымен қатар олардың материалдық-техникалық, көлікпен, үймен қамтамасыз етілу мәселесі шешілмей жатыр. Жалақылары ең алғаш судья болған кезде 300 мың теңге не оған да жетпейді деп ойлаймын. Алыс аудандарға ешкімнің барғысы келмейді. Жауапкершілік те жоғары», - деді Абзал Құспан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді