Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Түрікменстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда: өзара сауда көлемі үштен біріне жуық өсті

Қазақстан мен Түрікменстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда: өзара сауда көлемі үштен біріне жуық өсті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасарлары Батыр Атадаевпен және Баймырат Аннамаммедовпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу аясында Қазақстан мен Түрікменстандағы экономикалық ахуал туралы пікір алмасу, қазақстан-түрікменстан сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ энергетика саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды.

Екі ел де өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты үдемелі түрде кеңейтуде. Мәселен, 5 жыл ішінде елдер арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге ұлғайды, тек соңғы жылдың өзінде 28%-ға өсті. Биылғы 6 айда тауар айналымы $237,2 млн-ды құрады.

Роман Скляр Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара іс-қимыл әріптестік пен тату көршілік рухында дамып келе жатқанын, сондай-ақ екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытудың үлкен перспективалары бар екенін атап өтті.

Тараптар қабылданған шешімдер қазақстан-түрікменстан өзара іс-қимылының барлық бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.    

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді