Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

МӘМС: Шымкентте 300-ден астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді

МӘМС: Шымкентте 300-ден астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте жыл басынан бері МӘМС қаражатының есебінен 300-ден астам  жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген. Айтарлықтай қаржыландыру кардиохирургиялық және нейрохирургиялық сынды күрделі операцияларға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын да кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда. Шымкенттік білікті дәрігерлер құрамы өткен жылы 1 жүрек, 2 бауыр және 10 бүйрек трансплантациясын жүргізген. Күрделі ота шығындары МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылады. Соңғы 5 жылда сондай-ақ Шымкент жүрек орталығында 20-ға жуық науқасқа жасанды жүрек отасы жасалған. Жалпы, биыл қаладағы медициналық ұйымдарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен 1400-ден астам жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету қарастырылған.

Медициналық сақтандырудың тиімділігі мен қолжетімді қызметтер туралы осы және өзге де маңызды мәліметтер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қаласы бойынша филиалы мамандарының қаладағы ірі жүйе құраушы кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесулері барысында түсіндірілді.

Қор филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарованың айтуынша, МӘМС жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, медициналық мекемелердің де саны артқан. Шымкент қаласында бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 179 медициналық ұйым қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік, қалғаны  жекеменшік медициналық ұйымдар. Қор қаражатты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде азаматтарға медициналық ұйымдар көрсеткен медициналық көмек үшін төлем ретінде жіберіп отырады.

Айта кету қажет, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бұл – әлеуметтік жүйе. Жинақтаушы болып саналмайды. Сақтандырылған әр азамат керек кезде төлейтін жарна төлеміне қарамастан,  барлық медициналық көмекті алуға құқылы. Қарапайым дәрігерлік кеңестен бастап, жоғары технологиялық көмек, узи, қымбат бағалы КТ,МРТ сынды медициналық көмекті ала алады.

Шымкентте тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылу қарқыны артуда. Бүгінгі таңда 926307 азамат, яғни халықтың 80 пайызға жуығы сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 700 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлеуде. 335402 адам сақтандырылмаған.

Азаматтар МӘМС жүйесіндегі мәртебелерін 1414 бірыңғай байланыс орталығының номері бойынша;  msqory.kz сайтында; Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы;  Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы; eGov.kz-тегі жеке кабинетте; Damumed медициналық ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте; Kaspi.kz, Halyk және BCC.kz мобильдік қосымшаларында тексере алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі