Жүрек ауруларына қатысты эндоваскулярлық және ашық жүрекке операциялар да жасалып жүр. Бұл көмекке былтыр 1290 адам жүгінді. Сонымен қатар, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, экстракорпоральды ұрықтандыру қызметі де бар. 2022 жылы экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы 344 әйел босанып, 336 нәресте дүниеге келген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандару қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ересектер мен балаларға арналған оңалту емі екі есеге артқан. Бұл бағытта науқастарға көмек көрсететін 20 медициналық мекеме таңдалды. Олар кардиология, кардиохирургия, неврология, ортопедия, травматология, пульманология бойынша көмек ала алады.
"Шымкент қаласында МӘМС жүйесі бойынша 723 мың адам мемлекет тарапынан қаржыландырылған. Олардың 59,6 пайызы әлеуметтік әлсіз топқа жатса, 15 пайызы қорғалған топтың ішіне кіреді. Ал, науқастардың 12,7 пайызы станционарлық ем алса, емханалық көмекке 35 пайызы жүгінген. Сақтандырылмағандар саны – 242 мың. Олар ем алу үшін жедел көмек, амбулаториялық көмек, тегін дәрі-дәрмек мемлекет тарапынан тегін кепілдендірілген медициналық деңгейде көрсетіледі. Одан бөлек, амбулаториялық деңгейде реабилитация бар. –2023 жылдың 10 айында медициналық қызметтер бойынша 107 100 науқас станционарлық жағдайда емделген. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша 14 370 адам ем алса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 92 730 науқас қаралды. Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетудің басым бағыттарының өзгеруіне орай медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы өсті. Қазан айынан бастап дәрігерлердің орта жалақысы – 455 410 теңге, орта буын медициналық қызметкерлерінікі 245 063 теңгеге жетті", – деді Сәбит Құралбек.
Айта кетейік, егер тұрғындардың медициналық қызметтерді қашықтан алуға қатысты сұрақтары болса, онда оларды учаскелік дәрігерге немесе өз емханасындағы пациенттерді қолдау қызметіне қоя алады. Қажетті ақпаратты алмаған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына fms.kz ресми сайт, 1406 байланыс орталығы арқылы өтініш беруге болады.Айта кетейік, медициналық сақтандыру бойынша қажетті мәліметтермен Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы арқылы танысуға мүмкіндіктері бар.