Бүгін ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Медициналық сақтандыру қорының басшысымен бірлесіп денсаулық сақтаудың негізгі индикаторларына қол жеткізу мысалында медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары және МӘМС енгізу нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Ол МӘМС шектері жыл сайын ақшалай түрде де, көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінде де кеңейіп келе жатқанын атап өтті.Оның айтуынша, егер 2019 жылы арнайы мамандардың 20 миллионға жуық консультациясы және диагностикалық зерттеулер көрсетілсе, өткен жылы сақтандырылған пациенттер дәрігерлік қабылдауларды, зертханалық талдауларды және аспаптық диагностиканы қоса алғанда, 142 миллион медициналық қызмет ала алды.
«Алғаш рет ересек пациенттерге жүрек-қан тамырлары, неврологиялық, онкологиялық аурулар мен жарақаттар кезінде медициналық оңалту қолжетімді болды. Стационарларда барлығы 253 мың ересек пен бала медициналық оңалту алды. Буындарды ауыстыру бойынша қосымша 4 мың операция қаржыландырылды, әрбір жағдайдың құны 1,5 млн теңгені құрайды. ЭКҰ бағдарламалары бойынша 7 000 жұп ата-ана болуға мүмкіндік алды және 3 200 бала дүниеге келді. Өткен жылы тамырларды стенттеудің рекордтық саны орындалды - ауыр жүрек патологиясы бар пациенттерге 25 мың операция жасалды»,-деді бірінші вице-министр өз сөзінде әрбір пациенттің медициналық көмекке қажеттілігін қанағаттандырудағы МӘМС рөлін атап өтіп.
Денсаулық сақтауды қаржыландыру серпіні туралы айта келе, Т.Сұлтанғазиев МӘМС пакетінде консультациялық-диагностикалық қызметтерге жіберілген сомалар ағымдағы жылы 25 млрд. теңгеден 364 млрд. теңгеге дейін - 14 есе өскенін, жоғары технологиялық медициналық қызметтерге жұмсалған шығыстар 3,5 есе, 24 млрд. теңгеден 84 млрд. теңгеге дейін өскенін атап өтті.
Осылайша, еліміздің бір тұрғынына денсаулық шығыстары 56 мың теңгеден 122 мың теңгеге дейін ұлғайды.
Ол қазақстандықтардың қалта немесе жеке шығыстары 2017 жылғы 33%-дан 2022 жылы 27%-ға дейін төмендегенін, бұл 5,5%-ға қысқарғанын айтты. Бұл отбасылық бюджеттер үшін нақты үнемдеуді білдіреді, оны балаларға білім беру, демалыс немесе тұрмыстық шығыстар сияқты басқа мақсаттарға бағыттауға болады.