Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

МӘМС-ті енгізумен қазақстандықтардың денсаулыққа арналған қалта шығыстары 5,4%-ға төмендеді

МӘМС-ті енгізумен қазақстандықтардың денсаулыққа арналған қалта шығыстары 5,4%-ға төмендеді
Фото: gov.kz

Қазақстандықтардың жеке немесе денсаулыққа арналған "қалталық" шығыстарының үлесі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қаражатының арқасында 5,4%-ға төмендеді,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

МӘМС реформасы, ең алдымен, қазақстандықтардың отбасылық бюджетін медициналық көмекке жұмсалатын шығындарды үнемдеуге және әрбір тұрғын үшін бұрын мемлекет кепілдік берген пакетте қаржыландырылмаған қымбат операциялар мен зерттеп-қараулардың қолжетімділігіне бағытталды. Өйткені, адамдар босатылған қаражатты білімге, әл-ауқатын жақсартуға инвестициялай алады.

Егер 2017 жылы халықтың медициналық қызметтерге ақы төлеуге жұмсайтын жеке шығыстарының үлес салмағы денсаулық сақтаудың жалпы бюджетінің 33,1%-ын құраса, бұл ДДҰ белгілеген рұқсат етілген шектен екі есе көп болса, онда 2022 жылы Ұлттық шоттардың деректеріне сәйкес "қалталық" шығыстар 27,7%-ға дейін төмендеді.

МӘМС енгізілгенге дейін азаматтар амбулаториялық емханалық көмек көрсетуге және дәрілік заттарды сатып алуға көп шығыстар жұмсады.

Қосымша қаржы қаражаты бұрын қаржыландыру тапшылығын бастан өткерген бағыттарды дамытуға бағытталған. Мысалы, 2022 жылдың деректері бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 3,5 есе, медициналық оңалту 12,5 есе және консультациялық-диагностикалық көмек 14 есе ұлғайды.

Бұл ретте МӘМС медициналық көмекті қаржыландыру көлемін 1,1 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, ал еліміздің бір тұрғынына денсаулық сақтау шығыстары 56,8 мың теңгеден 121,7 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Тек амбулаториялық деңгейде бекітілген бір азаматқа шығыстар 15 914 теңгеден 39 967 теңгеге дейін, яғни 2,5 есе өсті. МСАК-ты қаржыландыру Денсаулық сақтау бюджетінің 34% -ын құрады. МСАК деңгейінде шығыстардың осындай елеулі өсуіне қарамастан, бастапқы буынды қаржыландыру ДДҰ-ның МСАК қаржыландыру стандарттарымен ұсынылған денсаулық сақтау бюджетінің 60% - на жетпейді. Осылайша, МСАК көрсету шығындарын одан әрі арттыруды жалғастыру қажет.

Медициналық көмекке жұмсалатын шығыстардың бұл өсуі медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын, техникалық жарақтандыруды, кадрлармен қамтуды, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін дамытуға, әлемдік стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетудің үздік тәжірибелерін енгізуге ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді