Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда өткен Музей түнінде 20 мыңнан астам адам барды

Алматыда өткен Музей түнінде 20 мыңнан астам адам барды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда өткен Музей түнінде 20 мыңнан астам адам барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен түнде қала музейлері шынайы тірі тарих алаңына айналды. Қонақтарды қазақ жазуын реформалаған Ахмет Байтұрсынұлы, Верный қаласының алғашқы бас жоспарын жасаған сәулетші Поль Гурде, алғашқы қазақ инженері Мұхамеджан Тынышпаев, әйгілі геолог Қаныш Сәтбаев және т.б. тарихи тұлға бейнесіндегі актерлер қарсы алды.
 Сахнада соғыс жылдарының әндері, қазақтың күйі мен ариялар орындалып, театрландырылған қойылымдар мен әдеби кездесулер өтті. Ұлттық мұраның символына айналған Алтын адам бейнесіндегі қуыршақтар ерекше көзге түсті. Бағдарлама аясында археология, әйелдер бейнесі, музыка тарихына арналған дәрістер, ашық аспан астындағы кино көрсетілімдері, спектакльдер мен квесттер ұйымдастырылды, - делінген хабарламада. 
Кеш мерекелік концерттермен және түнгі кинокөрсетіліммен аяқталды. Алматыдағы Музей түні тарихымыз қызықты, жанды әрі барлық буынды қызықтыра алатынын тағы да бір рет дәлелдеді!
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады