Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда тергеу изоляторының қызметкерлері тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің алдын алды

Павлодарда тергеу изоляторының қызметкерлері тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің алдын алды
Фото: Polisia.kz

Павлодарда тергеу изоляторының қызметкерлері тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің алдын алды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталған азамат М.-ға арналған азық-түлік салынған жол сөмкесін тексеру барысында қызметкерлер сөмкенің астарынан телефон анықтап, тәркіледі. Аталған факті бойынша азамат Г.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

— Біз тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттерімен жиі кездесеміз. Мұндай жағдайлар мұқият тіркеліп, құқық қорғау органдарына хабарланады, – деп атап өтті иекеме бастығының міндетін атқарушы Кәрібай Берік. 

Мекеме басшылығы тыйым салынған заттарды жеткізу немесе жеткізуге әрекет жасау заң бұзушылық болып табылатынын және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады