Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбек болды

Шығыс Қазақстан облысындағы тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбек болды
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбек болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласындағы тергеу изоляторына небәрі бір аптаның ішінде бірқатар тыйым салынған заттарды әкелу әрекетінің жолы кесілді. Келушілер түрлі тәсілдермен тыйым салынған заттарды заңсыз алып өтпек болды.

Осылайша тексеру бөлмесінде ШҚО ҚАЖД-ға қарасты №73 мекемесінің қызметкерлері смартфон мен 8 литр алкогольдік ішімдік тауып, тәркілеген. ⠀

Азық-түлік ыдысында гарнир (макарон) мен котлеттер салынған контейнерден төрт смартфон табылды. Тыйым салынған заттар алынып тасталды. Азық-түлік қабылдау бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, азық-түлік салатын ыдыстың салмақтылығы ерекше ауыр боп қызығушылық пен күдік бірден туғызған.

Бұл кезде сотталушылардың бірінің әйелі газдалған сусынның пластик бөтелкелеріндегі жағымсыз иісі бар сусынды заңсыз алып өтпек болған. Сусын тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, сусын ыдысына коньяк құйылған болып шықты.

Мекеме қызметкерлері тағы бір сәлемдемені тексеру барысында пакет шайдың түбінен смартфондар тауып алған.

Барлық үш факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. ⠀

Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді