Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда қала сыртындағы жолдарда жол апаттарының саны азайды

Қазақстанда қала сыртындағы жолдарда жол апаттарының саны азайды
Фото: Polisia.kz

Қазақстанның қала сыртындағы трассаларында апаттылықтың төмендеуі байқалады. 2025 жылдың басынан бері бұл жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 8%-ға азайды. Сонымен бірге жол апаттарында зардап шеккендердің де саны төмендеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған Ішкі істер министрлігінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары ықпал етті. Негізгі шаралардың бірі жолдардың қауіпті учаскелерінде жүріс бөлігін уақытша тарылту тәсілі болды. Жолдың мұндай бөліктерінде автокөлік жүргізушілері инстинктивті түрде жылдамдықты азайтады. Аталған әдіс бірқатар шет елде өзінің тиімділігін көрсетіп, бүгінде Қазақстанда сәтті қолданылуда. Жолды тарылту тәсілі Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар, Алматы – Бішкек, Самара – Шымкент, Ақтөбе – Астрахан сияқты және басқа бағыттарды қоса алғанда республикалық трассалардың 26 учаскесінде жүзеге асырылуда. Онда патрульдік экипаждар жұмыс істейді. Полицейлер жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жолда мұқият болуға шақырады. Мақсат - жазалау емес, жол апаттарының алдын алу.

Еліміздің жеті өңірінде ұшу құрылғыларының көмегімен әуеден патрульдеу жүргізіледі. Соның нәтижесінде үш мыңнан астам құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Автожолдарда бұзушылықтарды тіркеудің 500-ге жуық кешені жұмыс істейді, оның ішінде 100-і жасырын режимде. Қозғалыс қарқынды учаскелерде орташа жылдамдықты бақылау енгізілді. Қазіргі уақытта 1900 шақырым қамтылса, жақын арада тағы мың шақырым қосылады. Жол жүрісі қағидаларын қасақана бұзушылармен белсенді күрес жүргізілуде. Ол үшін "Қорғау" арнайы ақпараттық жүйесі қолданылады. Сонымен қатар қала ішінде және трассаларда тәулік бойы жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін автоматты камералар желісі белсенді дамып келеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді