Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер алаяққа алданған зейнеткердің қаражатын сақтап қалды

СҚО-да полицейлер алаяққа алданған зейнеткердің қаражатын сақтап қалды
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен зейнеткердің 2 миллион теңгесін сақтап қалды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиғаға қырағы қала тұрғыны себепші болған. Банкоматқа кезекте тұрған ол алдындағы егде жастағы әйелдің тұрысына көңіл аударады. Ол ақша сомаларын енгізіп, белгісіз біреудің телефон арқылы нұсқауы бойынша оларды әр түрлі шотқа аударған. Әйел ескертуге құлақ аспаған, қырағы қала тұрғыны полицияны шақырған. Шұғыл жеткен қызметкерлер жәбірленушіні Петропавл қ. ПБ жеткізіп, оған алдаудың құрығына іліккенін айтқан. Белгілі болғандай, 73 жастағы зейнеткерге белгісіз біреулер қоңырау шалып, “электр энергиясына шотты тексеруге “Е-salyq” қосымшасына кіру үшін sms келген құпия сөзді айту қажеттігін айтқан. Келесі қоңырау “қаржылық бақылау маманы” атынан келген. Ол әйел адамға оның атына біреу несие ресімдеп жатыр және одан “сақтану үшін” несиеге алынған ақша мен қаражатты “қауіпсіз шотқа” аударған жөн деген. Жәбірленуші алаяқтардың нұсқауы бойынша 3 миллион теңгені жіберіп үлгерген.

Қалған 2 миллион теңгені қамқорлық танытқан қала тұрғыны мен жедел әрекет еткен полицейлердің арқасында сақтап қалу мүмкін болды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күшейтілген профилактикалық жұмыстың арқасында бүгінгі таңда солтүстікқазақстандықтар интернет-алаяқтарға алданбауға тырысуда. Полицейлер сақтық танытып, жақындарыңыз бен таныстарыңызды, әсіресе қарт адамдарды алдаудың амалдары туралы ақпараттандыруды сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді