СҚО-да полицейлер аляқтарға алданған зейнеткерге 27 миллион теңгесін қайтаруға көмектесті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Петропавлда 66 жастағы зейнеткерге күдікті қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған. Ол әйелді белгісіз алаяқтар пәтеріңді тартып алмақшы және оларды әшкерелеу үшін тұрғын жайды сату бойынша тезірек “жалған мәміле” ресімдеу қажет деп айтқанына көндіреді.
Алаяққа сенген қала тұрғыны өзіне тиесілі екі пәтерін сатып жібереді. Сонымен қатар әйел өзіне ешкімге жария етуге болмайтын тергеу құпиясы сеніп тапсырылды деп санайды. Дегенмен, туыстары мұнда бір шикіліктің барын сезіп, жәбірленушіні полицияға жүгінуге көндіреді, алайда ол ақшаның бір бөлігін қылмыскер көрсеткен шотқа аударып, ал қалғанын курьерге тапсырып үлгереді.
Курьер қолма-қол ақша 27 миллион теңгені Астана қаласына жеткізеді. Ақша тізбек арқылы екі дроппер арқылы өткен, жедел уәкілдердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ақша шетелге жөнелтілгенше тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Бұдан бөлек, полицейлер жәбірленушінің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қылмыскердің нұсқауы бойынша аударған ақшасын, әйелдің банк чектерін сақтауына байланысты қайтарып алуға мүмкіндігі барына тоқтала кетті. Аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.
Тәртіп сақшылары: “ҰҚК-дан”, “полициядан”, “прокуратурадан” деген қоңырауларға, егер олар WhatsApp арқылы шалынса және сөйлесушілер сізді қандай да бір қаржылық операция жасауға азғырмақ болса сенбеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қоңырау түскен жағдайда, сөйлесуді тоқтатып, ақпаратты тексеру үшін сізге қоңырау шалған органның атына жүгініңіз.