Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция Сәтбаев тұрғынының 7,6 млн теңгеден астам қаражатын иемденген банктің “қызметкерін” іздестіріп жатыр

Полиция Сәтбаев тұрғынының 7,6 млн теңгеден астам қаражатын иемденген банктің “қызметкерін” іздестіріп жатыр
Фото: kazlenta.kz

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 37 жастағы қала тұрғыны жазбаша өтініш білдірді. Жәбірленуші әйелге белгісіз адам хабарласып, телефон арқылы сөйлесіп, сенімге кіріп, телефон арқылы 7 млн 647 мың теңге көлемінде қаражатын иемденген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленуші үйде болған кезде, белгісіз біреу ұялы телефонына қоңырау шалған. Телефон арқылы сөйлесу кезінде өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырып және қауіпсіздік үшін “Any desk” қосымшасын жүктеуді сұраған. Белгісіз адамның айтқанын бұлжытпай орындаған жәбірленуші әйел сол мезетте банктердің бірінен оған онлайн несие берілгендігі туралы біледі. Оны жою үшін сол банктен несиені қайта алу қажеттігін айтқан. Алаяқтың арбауына түскен әйел 4 млн 747 млн теңге ресімдеген кезде, ақша дереу белгісіз шотқа аударылған. Содан кейін белгісіз адамның “кеңесі” бойынша әйел басқа банктен 2 млн 900 мың теңге сомасына несие алған. Ақшасы белгісіз біреуге аударылған кезде, телефонмен сөйлескен адам бірден байланысты үзген.

Алаяқтың айласына түскенін білген жәбірленуші полицияға жүгінді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта белгісіз адамның жеке басын және орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады