Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерболат Досаев ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Ерболат Досаев ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

9 мамыр қарсаңында Алматы әкімі Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, естелік сыйлықтар табыстап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ардагерлерге «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды. Қала басшысы ардагерлерді шын жүректен келе жатқан мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді. Ольга Андреевна Савенко 9 мамырда 102 жасқа толады. Ол Беларусь майдандарында соғысып, Варшава мен Берлин үшін шайқасқа қатысқан.‍ 

Екатерина Баранова – 1-Украин майданында медбике болған, ордендер мен медальдармен марапатталған. Қамбар Сәрсенов – Беларусь, Латвия және Польша майдандарынан өткен, үш рет жарақат алған. Отан соғысы, Даңқ және Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері. Соғыстан кейін Алматыда энергетика саласында еңбек еткен. Василий Долбня – Қиыр Шығыста барлаушы болып қызмет атқарған, марапаттары бар. Жеңіс күнін отбасымен қарсы алады.

Қазіргі таңда Алматыда 21 ҰОС ардагері тұрады. Олардың барлығы медициналық көмекпен және әлеуметтік қолдаумен толық қамтылған. Қала әкімінің тапсырмасымен Жеңістің 80 жылдығына орай әр ардагерге 5 млн теңге көлемінде бір реттік төлем беріледі.

Қала әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдері де ардагерлерді құттықтап, ерен ерлігіне алғыс білдірді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді