Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында депутаттар қала әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ардагерлерге берілетін біржолғы төлем мөлшерін 5 миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы бастамасын қолдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл әлеуметтік қолдау шарасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ғана қатысты (ҰОС қатысушылардың, мүгедектердің).

Сондай-ақ, депутаттар Ерболат Досаевтың тыл еңбеккерлеріне берілетін төлемді 100 мың теңгеге дейін арттыру туралы ұсынысын мақұлдады.

«Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері арттырылады: 21 ҰОС ардагеріне – 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін, 6 149 тыл еңбеккеріне – 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін», – деп түсіндірді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауржан Жаубасов.

Шешімді барлық депутаттар бірауыздан қолдады.

Төлемді қаланың аудан әкімдіктері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Алматы қаласы бойынша екінші деңгейдегі банктердегі шоттарына берген тізімдеріне сәйкес өтінішті талап етпей аударады.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 21 ардагері мен 6149 тыл еңбеккері тұрады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі