Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіштер аумағында сенбілік өтті

Астанада Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіштер аумағында сенбілік өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Бүгін Астанада Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған монументалды кешен мен Кеңес Одағының Батыры Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші аумағында сенбілік өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Біріккен мұражайлар дирекциясы мұраның сақталуын қамтамасыз ету орталығы ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – қоғамдық кеңістікті абаттандыру, экологиялық мәдениетті дамыту және азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.Мекеме қызметкерлері аумақты қоқыстан тазартып, ағаштарды сәндеп, артық бұталарын кесіп, гүлзарларды ретке келтірді. Жиынға қатысушыларды ортақ мақсат – естелік орындарды тиісті жағдайда ұстау және Отан қорғаушылардың ерлігін құрмет көрсету идеясы біріктірді.

«Ескерткішті тазалауға қатысу мен үшін қарапайым қоғамдық жұмыс емес, оның мағынасы терең және өткен тарихқа құрмет көрсету. Ұлы Жеңістің 80 жылдығында ерлік туралы айтып қана қоймай, тарихқа құрмет таныту ерекше маңызды. Ескерткіштерге күтім жасау арқылы кейінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын пида еткен жандарға алғыс білдіреміз. Мұндай іс-шараларға қатысу – мен үшін үлкен құрмет», - деді ғылыми-көрме бөлімінің меңгерушісі Мәншүк Исаева.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді