Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер шағын футболдан бақ сынасты

СҚО-да полицейлер шағын футболдан бақ сынасты
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер шағын футболдан бақ сынасты, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қаласында “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы стадионында ішкі істер органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлерінің арасында арнайы мақсаттағы “Арлан” бөлімшесінің құрылғанына 27 жыл толуына арналған мини-футболдан турнир өтті. Турнирге 8 команда қатысты: жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың, қалалық полиция басқармасы мен облыстық полиция департаментінің, Айыртау және Тимирязев аудандарының полиция бөлімдерінің, жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция, жедел бөліністер мен ішкі істер органдары ардагерлерінің құрама командалары.

Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Айыртау ауданының полиция бөлімі, екінші орынды Тимирязев ауданының полицейлері иеленді, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Үздік ойыншылар деп танылғандар: қақпашы — Ринат Назар, қорғаушы — Әлішер Жарқынбаев, шабуылшы — Азамат Бабаев. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге “Арлан” бөлімшесі ардагерлерінен кубоктар, дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш турнир арнайы бөлімше қатарында қызмет атқарған азаматтар үшін ерекше маңызға ие. “Арлан” жауынгерлері аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау бойынша ең күрделі де қатерлі тапсырмаларға алғашқылардың бірі болып аттанады және үнемі қылмыспен күрестің алғы шебінде тұрады. Мұндай жарыстарды жыл сайын “Арлан” құрылған күн — 11 мамырға орай өткізіп отыру жоспарланып отыр. Жеңімпаз команда мамыр айының соңында Талдықорғанда өтетін республикалық турнирде өңір намысын қорғайтын болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді