Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ-де полицейлер арасында үздік мергендер анықталды

ІІМ “Алатау” спорт сарайында Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері арасында жауынгерлік қарудан оқ атудан Ішкі істер министрінің кубогі үшін чемпионат өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Турнирді ҚР ІІМ Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаменті мен “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырды.
Атыс дайындығы ІІО-дағы негізгі қызметтік спорт түрлерінің бірі болып табылады. Тәртіп сақшыларының табельдік қаруды меңгеруі және оны дағдарыс жағдайында шебер қолдана білуі маңызды. Олардың бұл дағдылары мен қабілеттері кейде азаматтардың өмірін құтқаруы мүмкін.
Жарысқа аумақтық Полиция департаменттерінің, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының командалары қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша әйелдер арасында жеке есепте ҚР ІІМ ӘПК қызметкері Ақтоты Боранова үздік атанды, екінші орын Қостанай облысы ПД қызметкері Екатерина Детковаға бұйырды, үшінші орынды Алматы қаласы ПД қызметкері Наталья Ткаченко иеленді.
Ерлер арасындағы жеке есепте бірінші орынды Ақтөбе облысы ПД қызметкері Самат Сартай жеңіп алды, тұғырдың екінші және үшінші сатысына СҚО ПД өкілдері Ерік Құлжанов пен Руслан Тасимов көтерілді.

Ал жалпы командалық есепте орындар келесі тәртіпте бөлінді:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы ПД командасы;
  2. Ішкі істер министрлігінің командасы;
  3. Алматы қаласы ПД командасы.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді