2025 жылы сәуірде Алматы әкімдігі Қытайдың Inspur компаниясымен бірлесіп Зияткерлік көлік жүйесі (ITS) тұжырымдамасын әзірлеуді аяқтады. Бұл жүйені 2026 жылдың тамызына дейін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл соңына дейін қаладағы қоғамдық көліктің 100%-ы экологиялық талаптарға сай болады. Қазірдің өзінде 600 газбен жүретін және 200 электробус сатып алуға байқаулар жарияланған. Бұған қоса, жеке тасымалдаушылар қосымша 800 газбен жүретін және 118 электробус сатып алынбақ.6 жеке инвесторға 233 электр қуаттау станциясын орнатуға техникалық шарттар берілді. Сонымен қатар, 10 троллейбус қосалқы станциясын жаңғырту үшін «жасыл» облигациялар есебінен құжаттар дайындалды.Биыл Алматы әкімдігі алғаш рет электробус сатып алу мен троллейбус инфрақұрылымын жаңғыртудан бөлек, Желтоқсан көшесі бойындағы BRT желісінің құрылысын жалғастыруға да арналған «жасыл» облигациялар шығармақ.