Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктердің дамуы талқыланды

Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктердің дамуы талқыланды
Фото: primeminister.kz

18 тамызда Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – cауда және интеграция министрі С. Жұманғарин Пәкістанның  «TCS Logistics Private Limited» ірі логистикалық компаниясының негізін қалаушы және төрағасы Халид Наваз Аванмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстанның оңтүстік порттарға қарай сауда-экономикалық бағыттарын әртараптандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Пәкістанға/Пәкістан арқылы экспорттық/импорттық өнімді тасымалдау мәселелері өзекті және бүгінгі таңда жоғары басымдыққа ие екенін атап өтті.

Өз кезегінде Х. Аван өзі басқаратын компанияның қызметі туралы сөз қозғады, оның көлік-логистика индустриясындағы озық тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанмен әріптестік орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар табысты екіжақты ынтымақтастыққа үміт білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді