Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Инженерлік инфрақұрылымның 90%-дан астамы цифрландырылды

Инженерлік инфрақұрылымның 90%-дан астамы цифрландырылды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында құрылыс саласын цифрландыру және қала құрылысы кадастры мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун, сондай-ақ ІТ саласының өкілі Алмас Нұрғалиев баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олжас Бектенов биылғы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 1 трлн теңгеден асқанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға жоғары екенін жеткізді. Сондай-ақ 3,7 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырғы көрсеткіштен 7,5%-ға артық.

«Еліміздің көптеген өңірінде құрылыс жұмыстарының қарқыны арта түскені байқалады. Бұдан саланың орнықты дамуын көруге болады. Жалпы құрылыс секторы еліміздің инфрақұрылымдық негізін қалыптастырады. Көптеген жұмыс орындарын құрылып, бизнестің дамуына және азаматтардың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді», — деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов құрылыста цифрлық шешімдерді енгізу құрылыс жобаларын іске асыру мерзімдерін едәуір қысқартуға, шығындарды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бүгінде инженерлік инфрақұрылымның 90%-дан астамы цифрландырылды. Рұқсат құжаттамасын беру және жобаларды келісу бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру іске қосылды. EGov порталы арқылы қол жеткізуге болатын үлестік құрылыстың бірыңғай тізілімі құрылды.

Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың соңына дейін құрылыс саласының қолданыстағы барлық порталын бірыңғай платформада интеграциялайтын, «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қала құрылысын жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі өзекті ақпараттардың барлығы жинақталатын Бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылатынын атап өтті. Осыған байланысты жүйені іске қосу үшін барлық өңір әкімдіктеріне осы жылғы 1 қазанға дейін инженерлік желілер схемалары мен қала құрылысы құжаттарын цифрландыруды аяқтау тапсырылды.

Сондай-ақ Премьер-министр жауапты ведомстволарға бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне, өңір әкімдіктеріне және «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына 89 қалада инфрақұрылымдық деректердің бірыңғай геопорталы арқылы рұқсат құжаттамасын беру мен эскиздік жобаларды келісудің пилоттық жобасы аясында анықталған деректердің сәйкессіздігін жою міндетін жүктеді.

Цифрлық даму, өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне құрылыс саласындағы ЖИ-модульдердің ауқымын кеңейту бойынша шешімдер әзірлеу тапсырылды.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қала құрылысы кадастры жүйесі арқылы техникалық шарттарды міндетті түрде цифрлық форматта беру жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты