Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрысы ұсталды

Алматыда пәтер ұрысы ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда пәтер ұрысы ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп, пәтер ұрлығына күдікті азаматты ұстады. Қала полициясы таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті күндізгі уақытта, үй иелері сыртта болған сәтте, баспаналарға еркін еніп, ұрлық жасаған. Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, қазіргі таңда оның кем дегенде бес ұрлық фактісіне қатысы бар екені анықталып отыр. Бұл қылмыстар қаланың әртүрлі аудандарында тіркелген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 800 мың теңгеден асады.

- Күдікті ұсталған кезде оқиға орнынан айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді Талант Исаев.

Полиция тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: үйден шығарда есік пен терезенің жабық екеніне көз жеткізіп, сенімді құлыптар орнату және бейнебақылау жүйелерін қолдану қажет. Мұндай алдын алу шаралары азаматтардың мүлкін сақтауға сеп болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді