Жс, 13 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана полициясы пәтер ұрысын қолға түсірді

Астана полициясы пәтер ұрысын қолға түсірді
Фото: pixabay.com

Қала тұрғындарының үйіне ұрлыққа түсуді кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген пәтер ұрысы құрықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын 1 млн теңгеден асқан. Алматы ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезе әйнегі арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Сонымен қатар Tab планшеті, Samsung телефонды қолды қылған.

Осылайша, жалпы құны 1 млн 145 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Ұрлықты тұрақты кәсіпке айналдырған азамат Жанкент көшесінің бойында орналасқан үйлердің біріне де дәл осы әдіспен кіріп, 100 мың теңге ақшаны қолды қылған. Ұрлық жасаған уақытта қожайын өзге бөлмеде үй шаруасымен айналысып жүрген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 31 жастағы қала тұрғыны анықталып, жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар дәлелдеме ретінде алынды.

Қазіргі уақытта полицейлер пәтер ұрысының елорда аумағында жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасады. Күдікті қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты