Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасында зиярат туризмі қарқынды дамып келеді

Қазақстан мен Өзбекстан арасында зиярат туризмі қарқынды дамып келеді
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының отырысы аясында Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимовпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Ермек Маржықпаев Қазақстан мен Өзбекстанның туризм саласындағы ынтымақтастығы дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда трансшекаралық туризмді дамытуға бағытталған бірлескен бірнеше жоба іске асырылуда. Нәтижесінде кейінгі жылдары бауырлас екі ел арасындағы туристер ағыны артып келе жатқанын байқауға болады. Оның ішінде зиярат туризмі қарқынды дамып келеді.

Сондай-ақ министр Өзбекстан аумағында Ислам мәдениетінің және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы ретінде танылған көптеген қасиетті мекендері бар екеніне тоқталды. Атап айтқанда, әлемнің танымал туристік және мәдени астаналары саналатын Қоқан, Шахрисабз, Самарқанд сияқты тарихи қалалар бар. Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдары мен туристік компанияларының қатысуымен қолға алынған «Табаррук Зиёрат» жобасы тек Қазақстан азаматтарын ғана емес, басқа елдерден келетін туристерді де тартуға ықпал етеді.

«Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды ұсынамын. Бірлескен трансшекаралық жобаларды іске асыру Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристер ағыны өсуіне оң әсер ететініне сенімдімін. «Табаррук Зиёрат» – ежелгі қалалар мен ескерткіштерді ғана емес, ең бастысы – түркі мемлекеттерінің ортақ тарихын біріктіретін бірегей жоба. Кейінгі жылдары Қазақстанда Маңғыстау облысының туристік әлеуеті қарқынды дамып келе жатыр. Аймақ саяхатшыларға өзінің сұлу табиғатымен, курорттарымен ғана емес, сонымен қатар көптеген құпиясы бар бай тарихымен де қызықты деп ойлаймын. Осыған байланысты Маңғыстау облысын Өзбекстан өңірлерімен байланыстыратын жаңа бағыт әзірлеуді, тұрақты тікелей әуе рейс бағыттарын кеңейту мүмкіндігін қарастыру қажет», - деді Ермек Маржықпаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді