Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шикізат аз – қайта өңдеу көп: ВАК-та тауар ағынын реттеудің жаңа шаралары қабылданды

Шикізат аз – қайта өңдеу көп: ВАК-та тауар ағынын реттеудің жаңа шаралары қабылданды
Фото: primeminister.kz

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұйытылған газды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салу ұзартылды. Бұған дейін тыйым шекара маңындағы елдерге сұйытылған мұнай газының ағынын болдырмау және ішкі нарықта тапшылыққа жол бермеу мақсатында қабылданған болатын.  

Болат дайындамалар мен жартылай фабрикаттарды әкетуге тыйым 6 айға ұзартылды. Айта кету керек, бұған дейін енгізілген тыйымның оң нәтижесі болат дайындамалар түріндегі жартылай фабрикаттарды шығару бойынша қолданыстағы қуаттарды металлургия өнеркәсібінде неғұрлым терең өңдеуге қайта бағдарлау және арматура экспортын 30 мың тоннаға ұлғайту болды.

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерден гипсокартон мен тас өнімдерін әкелуге 3 айға тыйым салу туралы ұсыныс қолдау тапты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ішкі тұтыну көлемі 58,76 мың тонна болатын 95,2 мың тонна тас төселді. Өткен жылы отандық компаниялар елдегі 38,8 млн шаршы метр сұранысқа 35,5 млн шаршы метр гипсокартан өндірді. Жалпы қазақстандық кәсіпорындардың жылдық  өндірістік қуаты шамамен 46 млн шаршы метрді құрайды. Отандық гипсокартон және тас бұйымдарын өндірушілер өнімнің осы түрлеріне қолданыстағы бағаны сақтау бойынша міндеттемелер алды.

ҚХР-дан ыстық деформацияланған жіксіз құбырларға және ҚХР мен Украина өндірісінің мырышталған прокатына қатысты демпингке қарсы шараларды ұзарту туралы шешім қабылданды.  

Қазақстан Республикасынан фанер экспортын автоматты лицензиялау мақұлданды. Бұл отандық фанердің экспорттық тасымалын талдауға мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты