Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сауда жөніндегі ВАК: сұйытылған мұнай газын шығаруға және бидайды әкелуге тыйым салу

Сауда жөніндегі ВАК: сұйытылған мұнай газын шығаруға және бидайды әкелуге тыйым салу
Фото: primeminister.kz

2024 жылғы 12 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға мүшелік ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия сыртқы сауданы реттеу мәселелері бойынша бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын шығаруға тыйым салу 6 ай мерзімге ұзартылды. Бұған дейін тыйым шекара маңындағы елдерге сұйытылған мұнай газын шығару және ішкі нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында салынған болатын.

Бидайды автомобиль, теміржол, сондай-ақ су көлігімен әкелуге тыйым салу тағы жарты жылға ұзартылды. ҚР-ға бидайды Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан әкелудің және оны автомобиль көлігімен кері экспорттаудың «схемаларын» іске асыру қаупі әлі де сақталуда. Өз өнімдерін өндіру және тұтыну үшін ұн тартатын және құс өсіретін кәсіпорындарға теміржол арқылы тасымалдауға ерекше жағдайлар жасалды. Әкелінетін бидайды ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға болмайды.

Сондай-ақ қытайлық мойынтіректер өндірушілері мен үндістандық электродтар өндірушілеріне қатысты демпингке қарсы шараларды 5 жылға ұзарту мақұлданды. Бұл шаралар ұқсас тауарлардың отандық өндірушілерін қорғау үшін қабылданды. Мойынтіректер үшін демпингке қарсы баж салығы тауар құнының 31,3-41,5%-ын, графиттелген электродтар үшін 16,04-32,83%-ын құрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты