Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада "Қауіпсіз жол" ЖПІШ өтіп жатыр: тәртіп сақшылары жол қозғалысын бақылауды күшейтті

Елордада
Фото: Polisia.kz

Елордада тәртіп сақшылары жол қозғалысын бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астана қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік апаттарының деңгейін төмендету, жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтап, дер кезінде жолын кесу. Осы ретте полицейлер ереже бұзушылықтарға, әсіресе, қозғалысқа қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылықтарға ерекше назар аударып отыр. Іс-шараның алғашқы екі күні ішінде 1100-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді. Оның ішінде 39 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9 мопед арнайы айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ ABS  мопедін тоқтатты.

Тексеру барысында көлік құралының мемлекеттік тіркеуден өтпегені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, мопед айыптұраққа жеткізілді. Астана қалалық полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады. Әрбір жол ережесін бұзу — адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін ұмытпау қажет.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты