Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында бір күнде 2500-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Жамбыл облысында бір күнде 2500-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында бір күнде 2500-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жол жарақаттануының алдын алу және жол қозғалысын қадағалау тиімділігін күшейту мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Негізгі міндет – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу. Қала сыртындағы трассаларда жүк техникасы мен қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын көліктерге ерекше назар аударылады.

Аталған іс-шараның бірінші күні Жамбыл облысында 45 көлік айып тұрағына қойылды.

Рейдтің бірінші күнінің өзінде облыс аумағында 2593 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқарған 5 жүргізуші жауапқа тартылды, 47 көлік маневр жасау ережелерін бұзған.

Бұл ретте 99 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал 17 бұзушы бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп кеткен.

Сондай-ақ көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарған 10 жүргізуші анықталды. 268 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерлерінен өткені үшін жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескертеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді