Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Қазақстанда
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтарға, оның ішінде жол қозғалысы саласындағы заң бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыра отырып, қоғамда "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Ішкі істер министрі жариялаған профилактика жылы аясында 18-21 ақпан аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Негізгі мақсат - жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ел жолдарындағы барлық бұзушылықтардың жолын кесу. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше назар аударылады. Бірінші күні-ақ Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері қырағылықтарының арқасында Жезқазған – Петропавл тас жолында жол жүрісі қағидасын бұзудың фактісін тіркеді. Volkswagen автокөлігі жанармай құю станциясынан шыққанда көліктің қозғалысы полицейлердің назарына іліккен. Құжаттарды тексеру кезінде көліктің міндетті техникалық тексеруден өтпегені анықталды. Сонымен қатар әкімшілік хаттаманы рәсімдеу барысында полицейлер алкогольдің иісін сезіп, жүргізуші медициналық куәландырудан өтті. Оның нәтижесі бойынша ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Қызылжар аудандық сотының шешімімен жүргізушіге көлік құралдарын жеті жылға басқаруға тыйым салынып, 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы тұрақты негізде жүргізілетін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді