Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

SMS-код ақмолалық тұрғынды миллиондаған қарызға батырды

SMS-код ақмолалық тұрғынды миллиондаған қарызға батырды
Фото: Polisia.kz

SMS-код ақмолалық тұрғынды миллиондаған қарызға батырды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Цифрлық алаяқтықтың жаңа түрі – адамдардың сенімі мен қорқынышын шебер пайдалана отырып, оларды оп-оңай алдап соғу. Сондықтан да бүгінгі таңда әр азаматтың сақ болуы, киберқауіпсіздік негіздерін білуі аса маңызды. Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны осындай қулықтың құрбаны болды. 9 сәуір күні ол аудандық полиция бөліміне арыз түсіріп, интернет-дүкеннен сатып алған затынан кейін белгісіз біреулердің арбауына түсіп қалғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, тапсырысты рәсімдеген соң көп ұзамай оған өзін курьер ретінде таныстырған әйел қоңырау шалып, тауарды жеткізу үшін СМС арқылы келген төрт таңбалы кодты айтып жіберуді сұраған. Артынша тағы бір адам хабарласып, өзін бірыңғай байланыс орталығының маманы ретінде таныстырып, жәбірленушінің жеке деректерінің бұзылғанын айтып, оны "киберқылмыспен күрес бөліміне", одан әрі "Қаржы министрлігінің өкіліне" ауыстырған. Бейнеқоңырау барысында іскерлік киім киген белгісіз ер адам жәбірленушінің атына алты банктен несие рәсімделгелі жатқанын айтып, бұл мәселені "дәл қазір шешу қажет" деген ұсыныс жасаған. Қорыққан ауыл тұрғынына банктік қосымшаны жүктеп, 1 миллион теңгеге несие рәсімдеп, қаражатты көрсетілген шотқа аудару тапсырылған. 

Алаяқтардың қысымымен ол бұл нұсқаулардың барлығын орындап шыққан. Күдікті әрекеттерден соң жәбірленуші бірнеше банкке хабарласып, өзінің атына берілген өтінімдерді тексерткен. Көптеген қаржы ұйымдары күмәнді операцияларға тосқауыл қойғанымен, бір банктен несие рәсімделіп үлгергені анықталған. Ақыры ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, қылмыскерлерді анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға мынадай ескертулерді ұсынады: – Ешқашан СМС-кодтарды, банктік карта деректерін, құпия сөздер мен PIN-кодтарды бөгде адамдарға айтпаңыз; – Онлайн операцияларға шектеу қойыңыз, SMS-хабарламаларды қосыңыз; – Ешкімге сеніп, қорқынышқа бой алдырмаңыз – шұғыл жағдай туындаған кезде әңгімені доғарып, өз банкіңізге ресми нөмір арқылы қайта хабарласыңыз. Есіңізде болсын, сіздің зейініңіз – киберқылмыскерлерден қорғанудың ең басты жолы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты