Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Тендер ұтып алып беремін” деп тұрғындарды алдаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

“Тендер ұтып алып беремін” деп тұрғындарды алдаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, оны 2021 жылдың наурыз айында алыс танысы “тендер беремін” деп, әртүрлі сендіретін сөздер айтып бес миллион теңгесін алған. Алайда жылға жуық уақыт аралығында түрлі сылтаулар айтқан танысы не ақшасын қайтармайды, не берген уәдесін орындамайды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Төлеби АПБ-ның тәжірибелі тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдікті әйелді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап ПБ-ға жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары әйелдің бұдан басқа да тағы бір азаматтан бір миллион теңге алып, алаяқтық қылмысы барын растады. Қазіргі таңда орта жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Бүгінгі таңда мемлекеттік әр түрлі жұмыстарды айтып алаяқтық жолмен азаматтарды алдап, сенімге кіріп, соңында полицейлердің көмегіне жүгініп жатқандар көбеюде. Сондықтан Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мұндай алаяқтардан мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді