Қызылордада "Мотоцикл" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мас күйде көлік жүргізудің төрт дерегі тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
9-11 сәуір аралығында Қызылорда облысы аумағында "Мотоцикл" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның алғашқы екі күнінде мотокөлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 212 фактісі анықталды. Атап айтқанда: - ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес түнгі тыныштықты бұзу – 7 дерек; - Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ мотокөлікті басқару – 50 дерек; - Техникалық ақауы бар мотокөлікті жүргізу – 5 дерек; - Міндетті техникалық байқаудан өтпеген мотокөлікті басқару – 11 дерек; - Мотошлемді пайдаланбау – 16 дерек; - Мас күйінде көлік жүргізу – 4 дерек; - Жүргізу құқығы жоқ немесе тиісті санаты жоқ адамның мотокөлік басқаруы – 50 дерек; - Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның мотокөлікті басқаруы – 2 дерек; - Жаяу жүргіншілер өткелінен өту талаптарын сақтамау – 34 дерек; - Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу – 33 дерек. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 54 мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.11-04-2025, 15:57
Қызылордада 54 мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз