Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған жүргізушілер анықталды

Қызылорда облысында жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған жүргізушілер анықталды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысының полицейлері “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс көлемінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, обылсаралық және халықаралық) азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында шілде айының 23-28 күндері аралығында республикалық “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара кезінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан ЖҚЕ бұзудың 395 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу – 60, көлік құралын тиісті рұқсатсыз жабдықтау – 20, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеу – 2, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдары – 31, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдалану – 46, маневр жасау қағидасын бұзу – 73, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзу – 41, жолаушыларды заңсыз тасымалдау – 5, шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерінен асуға қатысты 21 дерек анықталды.

Айып тұрағына 27 автокөлік қойылып, 34 мемлекеттік белгі алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады