Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі тоқтатылды

Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі тоқтатылды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі тоқтатылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының тәртіп сақшылары Ертіс өзенінің жайылмасында ағаштарды заңсыз кескен Ақсу қаласының бес тұрғынын ұстады.

– Орман ресурстарын қорғау заңнамасын өрескел бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Заңсыз ағаш кесу – қоршаған ортаға орасан зор залал келтіретін ауыр құқық бұзушылық. Бұл әрекеттер аймақтың экожүйесіне елеулі зиян тигізеді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап, заңсыз кәсіпке қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау және олардың жолын кесу бағытында жұмыстарды жалғастыруда. Полиция азаматтарды табиғатты қорғауға белсенді атсалысып, заңсыз ағаш кесу және басқа да экологиялық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады. Орман ресурстарын сақтау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады