Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Реинжиниринг нәтижесінде ғылыми саладағы бизнес-процестердің тиімділігі 70%-ға артты — ЦДИАӨМ

Реинжиниринг нәтижесінде ғылыми саладағы бизнес-процестердің тиімділігі 70%-ға артты — ЦДИАӨМ
Фото: primeminister.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында ғылыми саланы цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта ғылым саласында мемлекеттік қызметтің 12 түрі көрсетіледі, олардың барлығы онлайн форматта қолжетімді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 15 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 95%-ы электрондық форматта көрсетілген. Цифрлық трансформация шеңберінде ең көп сұранысқа ие 19 бизнес-процестерге реинжиниринг жүргізілді

 Осының нәтижесінде келесі процестерді жетілдіруге мүмкіндік туды:

  • ғылыми зерттеулерді қаржыландыру (бағдарламалық-нысаналы, гранттық қаржыландыру, сондай-ақ коммерцияландыру);

  • ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы куәліктер беру;

  • ғалымдарды ынталандыру, мысалы, ғылым саласындағы сыйлықтар мен стипендиялар.

Министр реинжиниринг нәтижесінде бизнес-процестердің тиімділігі 70%-ға өскенін айтты. 

«Ғылым саласындағы бизнес-процестеріне жасалған реинжиниринг мысалдарының бір түрі. Бұрын аккредиттеу туралы куәлік алу немесе сыйлықақы мен стипендияға өтінім беру үшін Үкіметтің азаматтарға арналған аумақтық бөлімшелеріне немесе Министрліктің кеңсесіне жеке жүгіну қажет болатын. Процесс көптеген құжаттарды талап ететін және мекемелердің жұмыс кестесіне байланысты болды. Енді өтінімдерді беру онлайн режимінде жүзеге асырылады, соның нәтижесінде толық автоматтандыру кезінде өтінімдерді қарау мерзімі 15 күнге дейін қысқарды. Сондай-ақ, біз қағаз сертификаттар мен курьерлік қызметтерді толығымен алып тастадық, бұл мемлекеттік бюджетті 150 млн теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берді. Осылайша, өтініш беру процесі ыңғайлы бола бастады, бюрократиялық жүктеме төмендеді және құжаттарды қарау мерзімі айтарлықтай қысқарды. "Ұлттық инновациялық жүйенің бір терезесін" astanahub.com базасында іске қостық», — деді министр.

Бұл негізінен eGov-тың аналогы, бірақ инновациялық және ғылыми қоғамдастық бір жерде мемлекеттік қолдаудың барлық негізгі шараларына қол жеткізе алатын инноваторларға арналған терезе. Ұлттық инновациялық жүйенің бір терезесі ғалымдар, стартаптар және бизнес қолдау алып, бір цифрлық платформада тиімді өзара әрекеттесу үшін шешімдер ұсынады. 

 Astana Hub экожүйесінде deep tech саласында өнімдерді дамытатын және айтарлықтай ғылыми базасы бар стартаптар қалыптасты. Кейбір компаниялар өз әзірлемелерін монетизацияға сәтті шығарып, 10,6 млрд теңгеден астам табыс тауып, жүздеген жұмыс орындарын құрды.

Барлық процестерді «Ұлттық инновациялық жүйенің бір терезесі» арқылы цифрландыру және нақты уақыт режимінде тиімділікті бақылау және талдау үшін жасанды интеллект агентін енгізу ұсынылады. Бұл тәсіл ашықтықты арттырады, есептілікті жеңілдетеді және барлық қатысушылар арасында ашық бәсекелестікке ықпал ете отырып, қаржыландырудың тең шарттарын қамтамасыз етеді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты