Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов CAMCE компаниясының басшысы Ли Хайсинмен Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады

Олжас Бектенов CAMCE компаниясының басшысы Ли Хайсинмен Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет қалыптасқан мәселелерді жедел шешу және инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосу үшін бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды нығайтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық China CAMC Engineering Co., Ltd. (CAMCE) компаниясының президенті Ли Хайсинмен кездесу өткізді. 

China CAMC Engineering Co., Ltd. – 60-тан астам елде инфрақұрылымды, өнеркәсіпті және энергетиканы дамыту салаларында кешенді EPC-жобаларды іске асыратын және Қытайдың Sinomach Group (China National Machinery Industry Corporation) машина жасау жөніндегі ірі мемлекеттік конгломератының құрамына кіретін жетекші халықаралық инжинирингтік компания.

Компания президенті Ли Хайсин Алатау қаласының көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын дамыту саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары туралы бірқатар ұсыныстарды айтты. «Орта дәлізді» дамыту аясындағы ынтымақтастыққа назар аударылды.

«Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі – барынша қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру. Бұл нақты экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және еліміз үшін маңызды жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Соңғы алты жылда елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен $130 млрд-ты құрады. Бұл ретте Мемлекет басшысының шикізаттық емес салалардың тартымдылығын арттыру бойынша бастамашылық жасаған шаралары нәтиже беруде – шикізаттық емес секторға шетелдік инвестициялар $72,7 млрд-ты құрады, яғни шетелдік әріптестер қайта өңдеу өнеркәсібі салаларына көбірек инвестиция сала бастады», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға инвестициялық ұсынысты егжей-тегжейлі пысықтау тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады