Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Роман Склярдың қытайлық China Datang Corporation Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті

Үкіметте  Роман Склярдың қытайлық China Datang Corporation Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР-дағы электр энергиясын ірі өндірушілердің бірі қытайлық China Datang Corporation Ltd компаниясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания өз қызметін әлемнің 10-нан астам елінде, соның ішінде Мьянма, Камбоджа, Лаос, Индонезия, Өзбекстан және Сингапурда жүзеге асырады. Компанияның өндіруші нысандарының жалпы белгіленген қуаты 190 ГВт-тан асады, оның шамамен 50%-ы – жаңартылатын энергия көздері.

China Datang Corporation Ltd. 14 жыл қатарынан Fortune Global 500 тізіміне еніп келеді.

Талқылау барысында Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің энергетика саласын дамыту, оның ішінде инвестиция тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы атап өтті.

Электр және жылу энергетикасында жаңа қуаттар енгізу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қытайлық компанияның аралас электр стансасын салу жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар көмір химиясы саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қытай корпорациясы бастамаларын пысықтау бойынша бірқатар тапсырма берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты