Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Су тасқынына дайындық: Ақмола облысында бөгеттер нығайтылып, өзен арналары тазартылады

Су тасқынына дайындық: Ақмола облысында бөгеттер нығайтылып, өзен арналары тазартылады
Фото: primeminister.kz

Қанат Бозымбаев Ақмола облысында болды. Вице-премьер аймақ басшысы Марат Ахметжановпен бірге Астрахан және Атбасар аудандарының, сондай-ақ Атбасар қаласының су тасқынына дайындығын тексерді. Елді мекендер тексерілді, қорғаныс гидротехникалық құрылыстары қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астрахан ауданында 12 елді мекенде су тасқынына қарсы кешенді шаралар жүзеге асырылды. Бөгеттер тұрғызылып, жол жиектері бекітілді, арналар тазартылып, тереңдетілді. 

Қазіргі таңда 175 маман, 134 техника бірлігі және 25 мотопомпа дайындыққа қойылған.

Ескі Колутон ауылында жыл сайын Колутон өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен және дренаждық жүйелердің (нөсерге арналған арық) болмауына байланысты 52 тұрғын үй су басу қаупі бар аймаққа кіреді. Өткен жылы жол жиектерін бекіту және су шаю қаупі бар учаскелерде ұзындығы 1,1 шақырым болатын қорғаныс шаралары жүргізілді. «Демеу Қазақстан қоры» қорының қаржысы есебінен Колутон өзеніне 3,6 шақырымға тазарту және тереңдету жұмыстары жүргізілді.

Қанат Бозымбаев ауыл маңындағы өзен арнасын тазарту және тереңдету жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» АҚ-на теміржол көпірінің астындағы өзен арнасын тез арада тазарту жөнінде тапсырма берілді.

Су тасқыны қаупі жоғары 16 елді мекеннің қатарында Атбасар қаласы да бар. Мұнда да қауіптің алдын алу шаралары қолға алынды: өзен арналары мен су өткізу жүйелері тазартылып, бөгеттер нығайтылды, 295 метр үйінді тұрғызылды. Сонымен қатар 12 су өткізу құрылысы жөнделіп, тағы 40 нысан тазартылды. 

Су тасқынына қарсы 396 адам, 138 техника бірлігі және 16 мотопомпа жұмылдырылған.

Халқы 30 мың адамды құрайтын қалада жыл сайын Жабай өзенінің деңгейі көтерілген кезде 128 үйді су басу қаупі туындайды. Бұл қауіптің алдын алу үшін өзен арнасының 1 шақырымы құмнан тазартылып, қорғаныс бөгеттері нығайтылды, арна кеңейтіліп, тереңдетілді. 

Қазіргі таңда Жабай өзенінің Атбасар қаласы аумағындағы учаскесінде бір су өткізу құрылысы толықтай аяқталды, тағы екеуі пайдалануға беруге дайын. Вице-премьер олардың құрылысын 10 күн ішінде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар Атбасарда Жабай өзенінің 7,2 шақырымдық арнасын түзу бағытқа келтіру және ені 120 метрге дейін кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстарға 36 техника жұмылдырылған.

Айта кету керек, биыл Ақмола облысында Колутон, Жабай және Шағалалы өзендерінің арналары соңғы 30 жылда алғаш рет тазартылып, тереңдетіліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты