Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралға үлкен су келе жатыр: Қанат Бозымбаев қаланы су тасқынынан қорғау дайындығын тексерді

Оралға үлкен су келе жатыр: Қанат Бозымбаев қаланы су тасқынынан қорғау дайындығын тексерді
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Оралдағы су тасқынының белсенді кезеңіне дайындық барысын тексеріп, өзен жағалаулары мен қорғаныс бөгеттерін нығайтуды тапсырды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Оралдағы Жайық өзенінің су деңгейі сағат 12:00-де 7,58 метр болды. Сарапшылар су тасқынының шарықтау шегі 20-21 сәуірде болады деп болжап отыр. Жайық өзенінің қала тұсымен өтетін бойы 28 шақырым, оның 21 шақырымына біліктер мен бөгеттерді нығайту және салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстарға 1300 ерікті мен 800-ге жуық әскери қызметкер, 300-ден астам арнайы техника тартылған. Сонымен қатар бүгін Оралға Алматы, Қызылорда және Түркістаннан 150 бірлік қосымша техника келеді.

Вице-премьер жер біліктерінің деңгейін 12 метр дейін көтеруді тапсырды (қазір қала бойынша қауіпті меже 8,5). Сондай-ақ Оралды Шаған өзенінің жайылмасы жағынан қорғау туралы шешім қабылданды.

Су басу қаупі жоғары аумақтар –  қаланың саяжай массивтері, Бөрлі, Теректі, Ақжайық және Бәйтерек аудандарындағы елді мекендер. Өзен алабы бойындағы бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындары эвакуацияланды. Оралда 18 жедел-эвакуациялық пункт ашылды. Мұнда 1690 адам орналастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады