Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде су тасқынын болжау мен модельдеудің цифрлық жүйесі әзірленуде

Елімізде су тасқынын болжау мен модельдеудің цифрлық жүйесі әзірленуде
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша кеңес өткізді. Кеңеске су ресурстары және ирригация, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, қаржы вице-министрлері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ақпараттық жүйеге төрт модуль кіреді: деректерді жинау, талдау, болжау және модельдеу. Ол «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Қазгидромет» және «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының» жедел және көпжылдық деректерін пайдаланатын болады. 

Сондай-ақ жүйе су тасқыны, сел, көшкін қаупі бар учаскелер мен гидротехникалық құрылыстар бойынша ТЖМ деректер базасымен біріктіріледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еуропалық Жерді қашықтан зондтау бағдарламасын қолдануды ұсынды. Сонымен қатар вице-премьер отандық цифрлық шешімдерді қарастыруды тапсырды.

Бұған қоса, ауқымды деректер көзін қалыптастыру үшін вице-премьер гидро және метеопосттардың санын көбейтуді, су айдындары мен өзендердің батиметриясын жүргізуді, сондай-ақ су тасқыны құбылыстары жиі орын алатын елді мекендердің «цифрлық рельефін» құруды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді