Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында онлайн құмар ойын ұйымдастырған ерлі-зайыпты бас бостандығынан айырылды

Абай облысында онлайн құмар ойын ұйымдастырған ерлі-зайыпты бас бостандығынан айырылды
Фото: Polisia.kz

Абай облысында ерлі-зайыпты онлайн-құмар ойын ұйымдастырған. Олар 61 миллион теңге заңсыз табыс тауып, бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысында тұратын 35 және 33 жастағы ерлі-зайыптылар онлайн түрде “Тринка” құмар ойынын ойынын тікелей эфирде жүргізді. Тікелей эфирде жүргізілген ойынға қатысушылар жеке банктік шотқа ақша аудару арқылы қатысқан. Картаның нөмірі эфир жүргізілген аккаунтта көрсетілген. Әйелі қатысушылардың аты-жөнін жазып алумен айналысса, күйеуі әр қатысушыға үш карта таратып беріп, ал ең көп ұпай жинаған қатысушыға жиналған жалпы ұтыс сомасының 5/6 көлемінде ұтыс ретінде жеке шоттарына аударып берген. Қатысушылардан жиналған жалпы сомасының 1/6 бөлігі ойынды ұйымдастырушылардың кірісі болған. Осылайша, ерлі-зайыптылар бір жылда 61 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. 

Сот отырысында ерлі-зайыптылар өз кінәларын толық мойындап, түскен кіріс пәтер жалдау мен мүгедек ұлын емдеуге кеткенін айтып, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды соттан сұраған. Сот оларды кінәлі деп танып, төрт жыл алты ай мерзімге шартты сынақ мерзім жазасына тартқан. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар Жарма аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұр, пробация қызметінің қызметкерлері олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіп, пробация қызметінде жазасын өтеу кезіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Әңгімелесу барысында есепте тұрғандар үш ұлы барын, үлкені 11 жаста, ортаншысы 9 жаста, кішісі 8 жаста екенін айтты.

– Қазіргі күні күйеуі аудандағы жеке кәсіпкерлердің бірінде қарапайым жұмысшы болып жұмыс істейді, ал әйелі бала күтіміне байланысты үйде, күйеуінің жалақысымен ерлі-зайыптылар сот тағайындаған қаржылай міндеттемені мемлекеттік қорға өтеп жатыр, - дейді Жарма аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Рустам Абдулгазинов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты