Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«TikTok»-та ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік айына 15 млн теңге тапты

«TikTok»-та ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік айына 15 млн теңге тапты
Фото: pixabay.com

Шымкентте «Tik-Tok» әлеуметтік желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнын тексеру барысында «интернет желісі арқылы төрт аккаунтпен «Тринка Шамай» ойынын 1995 ж.т. азаматтың ойнатқаны анықталды.

Өзінің жауабында ол тікелей эфир арқылы ойнатқан ТикТок аккаунттарды және ақша қаражаттарының түсуімен аударылуын қадағалайтын банк картасын бейтаныс азаматтардан сатып алып, пайда табу мақсатында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын атап көрсетті.

“Қарап-тексеру барысында ұялы байланыс телефондары, карта таратуға арналған аппараттар, ойын карталары, ойыншылардың есімдері көрсетілген тізім айғақты заттар ретінде тәркіленіп алынды. Ұялы телефонда орнатылған банк қосымшасына талдау жасау барысында соңғы бір ай ішінде жалпы ақша қаражаттарының айналымы 15 млн теңге болғаны анықталды. Бұзушылықтың мән-жайы анықталуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын «TikTok»-та құмар ойын ұйымдастырған алматылықтар миллиондап табыс тапқаны хабарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда