Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Apple, Microsoft, Tesla: БЖЗҚ активтері қандай шетелдік акцияларға салынған

Apple, Microsoft, Tesla: БЖЗҚ активтері қандай шетелдік акцияларға салынған
Фото: pixabay.com

Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының доллармен сақталатын активтері қандай шетелдік эмитенттерге салынғанын атады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- 2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің шамамен 40%-ы (17,2 млрд доллар немесе 9 трлн теңге) валютамен сақтаулы. Портфельдің валюта бөлігі шетелдің негізгі актив кластарына инвестицияланады. Оларға АҚШ қазынашылық облигациялары, дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары, инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар мен акциялар жатады, - деді Ұлттық банк өкілі Сенатта өткен дөңгелек үстелде.

Сондай-ақ, ол доллармен сақтаулы активтер қандай танымал компаниялардың акциясында жатқанын айтты.

- Валюталық портфельдің активтері индекстік негізде басқарылады, индекс таңдаулы инвестиция нарығындағы көптеген бағалы қағаздан тұрады. Мысалы, акциялар индексі Apple, Microsoft, Tesla және басқа да компаниялардың 1 000-нан астам эмитентінен құралады, - деді Нұржан Тұрсынханов.

БЖЗҚ-нің теңгемен сақтаулы портфелінің көлемі 13,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл бүкіл активтің 60%-ы деген сөз. Оның шамамен 70%-ы мемлекеттік бағалы қағаздарға, 15%-ы квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына, 7%-ы банктердің облигацияларына салынған. Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы қандай жобаларға инвестицияланатынын айтқан еді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты