Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 21 миллион теңгесінен айырылды

Қостанай тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 21 миллион теңгесінен айырылды
Фото: pixabay.com

Қостанай тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 21 миллион теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай қаласының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 21 миллион теңге жоғалтты. Жәбірленуші полиция қызметкерлерінен бұл схеманың алаяқтық әрекет екенін кеш түсінген.

Оқиға 2024 жылдың қазан айында басталған. Әйел Instagram желісінде инвестиция салудың тиімді жолдары туралы жарнаманы байқап, оған қызығушылық танытқан. Жарнамадан көрсетілген «аға кеңесшінің» байланыс нөмірі арқылы ол ұсынылған платформаға алғашқы 100 АҚШ долларын аударған.

Көп ұзамай, «кеңесшілер» одан түрлі салықтар мен алымдарды төлеуді талап етіп, әйелді қосымша қаржы салуға көндірген. Олар оның сеніміне кіріп, бірнеше банктен несие алуға мәжбүрлеген. Ал бұл уақытта әйел жинаған қаржысын үй сатып алу үшін сақтап жүрген еді. Осылайша, ол алаяқтардың есепшотына 21 миллион теңгеден астам қаражат аударды.

Тергеу барысында анықталғандай, алаяқтар жәбірленушінің бизнесіндегі банктік деректемелерді өз мақсаттарына пайдаланып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданған. Әйелдің өзі бұл алаяқтық схеманың бір бөлігіне айналғанын соңынан ғана түсінген.

Аталған факті бойынша қазіргі таңда аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Полиция департаменті азаматтарға интернет арқылы қаржылық операциялар жүргізуде сақ болуды ескертеді. Күмәнді ұсыныстарға сенбей, кез келген күдік туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет екенін еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді