Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтары жылы: елордада 21 жоба іске асырылады

Жұмысшы мамандықтары жылы: елордада 21 жоба іске асырылады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қазір елордада екі арнайы экономикалық аймақ (АЭА) жұмыс істейді. Бірі – «Астана – жаңа қала», екіншісі – «Астана-Технополис» экономикалық аймағы. Осы АЭА-тың басқарушы компаниясы – «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы. Бүгінде орталыққа қарасты №1 Индустриялық паркте заманға сай түрлі өнім шығаратын көптеген кәсіпорын бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әрі отандық және шетелдік инвесторлар қаржы құйған зауыт пен өндіріс орындары жыл сайын ашылып жатыр.

«Бүгінгі таңда АЭА-тағы өнеркәсіптік объектілерінің инвестициялық портфелі 130 жобадан құралған. Оның ішінде бүгінге дейін 5 700-ден астам тұрақты жұмыс орнын қамтитын 70 жоба пайдалануға берілді. Ал алдағы 3 жыл ішінде 3 200 жұмыс орнын құратын 60 жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ осы №1 Индустриялық паркте локомотивтер, электровоздар шығаратын, арнайы киімдер тігетін, оптикалық құрылғылар, құрылыс материалдарын шығаратын үлкен зауыттар жұмыс істеп тұр. Аталған барлық кәсіпорында инженер-механик, слесарь, дәнекерлеуші, электрик, сандық бағдарламалық басқару операторлары, өндіріс менеджерлері сияқты өз саласына жетік мамандар жұмыс істейді», - дейді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының АЭА, өнеркәсіп және экспортты ілгерілету бөлімінің басшысы Айдын Қиылымбеков.

Бөлім басшысының сөзінше, былтыр мұнда 770-тен астам жұмыс орнын құруға қауқарлы 13 жоба пайдалануға берілген. Ал осы жылы 1300-ден астам жұмыс орнынан тұратын 21 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.Айта кетейік, №1 Индустриялық парк республикалық көрсеткіштер бойынша елдегі барлық парк арасында елде көшбасшы болып отыр. Жұмыс істеу кезеңінде бұл парк *8,6* трлн теңге өндіріс көлеміне жетті. Сондай-ақ аталған парктің табысты тәжірибесі №2 Индустриялық паркті іске қосуды да жеделдететіні анық.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты