Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағында 100-ден астам өнім түрі шығарылады

Өндірілген тауарлар Жапония, Оңтүстік Корея, ҚХР, ГФР, Италия, Польша, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейге экспортталады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағы 2011 жылы құрылды. Инвестициялық портфель 342,6 млрд теңгені құрайтын 50 жобадан тұрады.

Аталған экономикалық аймақ жұмыс істеп тұрған аралықта АЭА кәсіпорындарында 1805 жұмыс орны ашылып, 84,6 млрд теңге инвестицияланған. Оның ішінде, 21 млрд теңге ­шетелдік инвестициялар. Жалпы арнайы экономикалық аймақта 208,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл ретте дайын тауарлар экспортының көлемі 103 млрд теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда "Павлодар" АЭА "World Free Zones Organization" Дүниежүзілік еркін аймақтар ұйымының толық құқықты мүшесі болып табылады және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік кеңсе мәртебесіне ие.

 "Павлодар" арнайы экономикалық аймағында химия, мұнай химиясы, металлургия және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жобаларды іске асыруға бағдарланған инвесторлар үшін ерекше құқықтық режим белгіленген.  Мәселен, бұл жерде каустикалық сода, хлор, тұз қышқылы және натрий гипохлоритінің отандық өндірушісі "Каустик" АҚ, автокөліктерге арналған жеңіл балқитын алюминий дискілерін өндіруші "Вектор Павлодар" ЖШС, мотор майлары мен майлауға арналған материалдарды өндіретін компания "Evooil Kazakhstan" ЖШС, белсендірілген көмірді өндіруші "RTF-Actica" ЖШС және басқа да өндіріс орындары нәтижелі жұмыс істейді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды